Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет профессоры, суретші М.Жақсығаринаның экслибристері әлемдік каталогқа енді

Университет профессоры, суретші М.Жақсығаринаның экслибристері әлемдік каталогқа енді

Жуырда «Дизайн» кафедрасының профессоры Жақсығарина Мәрзия Жұмашқызының екі экслибрисі  «Заманауи кітап белгісі» — «Contemporary bookplate»  атты жеке альбом-каталогқа енді. Альбом-каталогқа әлемдік есімге ие 41 суретшілер мен коллекционерлердің еңбектері таңдалған. Жобаның авторы Валентина Молибоженко Валентина алдына экслибрис өнерін жоғары баспаның бірегей техникасында жасалған кіші графика туындылары ретінде дәріптеу,  суретшілерді экслибристерді жасауға ынталандыру, сондай-ақ заманауи кітап белгілерін пайдалануға, зерттеуге және жинауға түрткі салу мақсаттарын қойыпты.

Өнер тарихы профессоры, мәдениеттану кандидаты, ҚР СО мүшесі Марзия Жақсыгарина  алғашқы экслибрисін 1994 жылы салған. Бүгінде оның қаламынан 267 экслибрис дайындалған. Жұмыстардың басым бөлігі қара және ақ түсті линогравюра техникасында орындалған. Бірақ жұмыстардың ішінде түрлі-түсті гравюралар мен офорттар да кездеседі. Санокалық Тадеуш Ортылаға арналып жасалған экслибрис бақытты тағдырға ие болды. Тадеуш Ортыл Польшадағы танымал коллекционер, нумизмат болып табылады. Сондықтан, экслибрис кез келген елдің ақша белгілерін қамтуы керек еді. Бірақ, суретшінің айтуынша, ол қазақ мәдениетін қазақ халқының  дәстүрлі  әшекейі — шолпы арқылы көрсетуді қалады. Шолпы — қыздардың бұрымдарына өрленетін күмістен жасалған әшекейлер. Шолпы әр түрлі құндылықтағы тиындар болуы мүмкін. Сондықтан экслибрис композициясында ұлттық киімді киген, басында әдемі бас киімі бар және екі бұрымына шолпы өрленген қыз бейнеленген. Көрермендер келесі тиындарды көре алады: 5 теңге, 20 теңге, 1 поляк грош, 10 копейка. Осы шолпы мәдениеттер диалогын білдіреді. Тадеуш Ортыл бұл экслибристі нумизматтарға арналған 50 злотыйда басып шығарды.

Қазіргі уақытта Мәрзия Жұмашқызы өз жұмыстарын 160-тан астам көрмеде көрсетті, оның 110-дан астамы халықаралық деңгейде өтті. 2017 жылы Жақсыгарина М.Ж. Қазақстанның атынан Италиядағы Гремона, Монферрато қалаларында, Польшадағы Варшава, Лодзь, Вроцлав қалаларында, Ресейдегі  Мәскеу, Вологда қалаларында өткен 6 халықаралық көрмеде атсалысты. Ал Польшаның Славно қаласында үстіміздегі жылдың 28 ақпанынан 15 наурызына  суретші-профессордың жеке көрмесі өтті. Алдағы күндерде Мәрзия Жұмашқызы қалың көпшілікті Польшаның, Италияның, Үндістанның, Қытайдың және т.б. елдердің танымал суретшілерінің жұмыстарымен таныстыруды жоспарлап отыр.