Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Жаңалықтар > Шетел тілдері факультетінің түлектері диплом алды

Шетел тілдері факультетінің түлектері диплом алды

2017 жылдың 30 маусымында Студенттер Сарайында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің шетел тілдері факультетін бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсіміне арналған «Байқамаппын төрт жылымның өткенін….» атты салтанатты кеш өтті.

Салтанатты жиынды «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының түлектері Әділбек Мырзабай және Таңшолпан Нұрманова жүргізді. Кешке университет түлектерімен қатар университет басшылығы мен шетел тілдері факультетінің профессор-оқытушылар құрамы және ата-аналар қатысты.

Кеш барысында университет ректорының кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты К.В.Цхай бітіруші түлектерге құттықтау сөзін арнап, үздік диплом иегерлеріне маман құжатын тапсырды.

Диплом тапсыру салтанатын шетел тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Искиндирова Салтанат Қуатқызы жалғастырды.

Диплом тапсыру рәсімінен соң бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары диплом алушыларға құттықтау сөздерін айтып, алдағы өмірлеріне ақ жол тіледі. Кеш соңында түлектер — Данагүл Дарисова мен Айгерім Шиндаулова «Hush Hush әнімен» әнін шырқады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.