Вторник, Апрель 7, 2020
Басты > Жаңалықтар > Волейболшылар жарысы Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналады

Волейболшылар жарысы Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналады

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – денсаулықтың негізгі кепілі. Ағымдағы апта басында университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған волейболдан жарыс басталды. Жарыста 8 команда бақ сынауда. Атап өтер болсақ, қалалық әкімшілік командасы, университет басшылығының «Ректорат» командасы және факультеттерден құралған «Ардагерлер», «Жастар», «Жеңіс», «Сұңқар», «Алау», «Жігер» командалары. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетуде.

Жарыс нәтижесі апта соңында қорытындылатын болады.