Пятница, Май 25, 2018
Басты > Білім > Бүгін университетте К.Шәмшидинованың қатысуымен өңірде педагогикалық кадрлардың білімін ұдайы жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгін университетте К.Шәмшидинованың қатысуымен өңірде педагогикалық кадрлардың білімін ұдайы жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгін  университеттің Мәжіліс залында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университеті мен ДБҰҰ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Б.Ердембеков, университеттің проректорлары, декандары, ДБҰҰ «Назарбаев Зияткерлік мектебі» басқарма төрағасы К.Н.Шамшадинова, директоры С.Ө.Сәдуақасов және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінен өкілдер қатысты.

Бүгінгі дөңгелек үстелде  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова педагогтар қауымының алдында тұрған басты міндеттерді саралады. «Орта білім берудің алдыңғы шебінде тұрған Зияткерлік мектептер әлемдік өзгерістерге дайын болуы керек.  Білім беру жүйесін жаңа индустрализацияның талаптарына сәйкестендіру, кіріктірілген білім алуға және оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған оқу бағдарламаларын үнемі жетілдіру, жоба және зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, саралау, синтездеу, бағалау, IT-дағдылары секілді жоғары дәрежедегі дағдыларды дамытуға басымдық беру қажет», — деп атап өтті, Күләш Ноғатайқызы.

Сонымен қатар Күләш Шәмшидинова жаңа білім жағдайын қалыптастыру, білімнің мақсаты, білімнің философиясы мен парадигмасы, білімнің мазмұны, жеке тұлғаның дамуы, оқу процесіндегі оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынас туралы мәселелерді сөз етті.

Білім беру бағдарламалары орталығының директоры орынбасары Арайлым Мағзұмова Назарбаев Зияткерлік мектептерде білім беру бағдарламаларының мазмұнын таныстырса, Педагогикалық өлшемдер орталығының директоры орынбасары Лейла Нұрақаева  Зияткерлік мектептер бітірушілерінің қорытынды бағалау үрдісі жайында баяндады.

Кездесу барысында қатысушылар Зияткерлік мектептердегі 12 жылдық білім беруді ескере отырып, университетке түскен жағдайда кейбір нақты пәндер бойынша кредиттерді есепке алу мүмкіндігін талқылады.

Жиын соңында университет ректоры Бауыржан Ердембеков Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушыларына кәсіби бағдар жұмысын жүргізуді жолға қойып, мектеп бітірушілермен кездесіп, қос дипломдық, академиялық ұтқырлық бағдарламасы жайында кеңінен ақпараттандыру қажет екендігін алға тартты.

«Үштілді меңгерген, интеллектуалы жоғары жастар бізге өте қажет, сол арқылы университетте белсенді студенттердің қатарын көбейтуіміз қажет. Мемлекеттік грантпен білім алатын студенттерге қосымша «Жұбанов» атындағы стипендия тағайындау, мектепті «Үздік» бітіріп, бірақ грантқа түсе алмай қалған түлектерге «Жұбанов» атындағы грантта оқу мүмкіндіктірен ұсына аламыз»,- деді Бауыржан Аманкелдіұлы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *