Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік студенттер алыстағы аналарына хат жолдады

Ақтөбелік студенттер алыстағы аналарына хат жолдады

Ақтөбелік студенттер ауылдағы аналарына алғыс айтып, бейнехат жолдады.

Жастар ұйымдастырған акция «Анаға хат» деп аталды. Шараның мақсаты – студенттерді мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеп, анаға деген құрметті арттыру. Хат жолдаған жастар өңірлік мемлекеттік университеттің смарт-хоум жатаханасында тұрады. Көбі – көрші облыстардан келіп, білім алып жүргендер. Өткен жылдың аяғында пайдалануға берілген заманауи жатаханада 300-ден астам студент тұрып жатыр. Жалпы оқу орнында 8000 студент болса, сырттан келгендер жатаханамен қамтылған.

Аслан Әбуов, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті:

– Бұрын студенттер анаға деген сағынышты қалай жеткізетін еді. Бір парақты алып, сағынышын хатқа сыйғызып жазып жібереді. Ауылдағы анасы оны тебіреніп, тербеліспен оқып, баласының сағынышын еске алады. Ал қазір жиырма бірінші ғасыр. Телефон, компьютер бар. Ғаламтор желісімен, скайппен сөйлесеміз. Бірақ күнделікті қарбалас тірлікпен анамызға алғыс айта бермейміз.

источник