Понедельник, Декабрь 10, 2018
Басты > Жаңалықтар > «Жұбанов көктемі-2018» Республикалық жастар форумы гала-концертпен аяқталды

«Жұбанов көктемі-2018» Республикалық жастар форумы гала-концертпен аяқталды

Бүгін Жұбанов университетінің Білім алаңында екі күнге созылған «Жұбанов көктемі-2018»  Республикалық жастар форумының қорытынды Гала-концерті өтті. Аталмыш шараға Астана, Алматы, Қостанай, Орал облыстарынан және Ақтөбе қаласының 28 жоғары оқу орындарынан 100-ге жуық делегаттары да қатысты.

Гала-концертті университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков  құттықтау сөзімен ашып, білім ордамыздың 8 оқу озаттары мен белсенді студенттеріне «Үздік студент» төсбелгісін табыстап, «Zhubanov Cup» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.

Сондай-ақ, аталмыш шарада университеттің әр салалы мамандықтарында оқитын талантты студенттерді қолдап, шабытына қамшы болатын бірегей бастамалардың бірі ретінде шығарылған «Жас қаламгер» атты жас ақындар шығармалары жинағының тұсауы кесілді.

Салтанатты шара жастардың орындауындағы таңдаулы концерттік нөмірлермен  жалғасты.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.