Четверг, Октябрь 18, 2018
Басты > Жаңалықтар > Жоспарлы оқу тәжірибесі нәтижелі ұйымдастырылды

Жоспарлы оқу тәжірибесі нәтижелі ұйымдастырылды

деп хабарлайды,  «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі Абзал Мухтаров.

Жуырда кафедра оқуытушылары Мақсат Ерманов, Мұрат Қуанышев, Биғали Ахметов, Мақсұт Жиенқожаев, Гүлсайран Ордабаевалардың ұйымдастыруымен 2017-2018 оқу жылындағы академиялық күнтізбеге сәйкес 5В071300–«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының 1 курс студенттері мен 5В090100-«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 1 және 2 курс студенттері 04-08 маусым аралығында өндіріс орындарының технологиялық процестерімен танысу мақсатында «Автопарк» ЖШС, ПАТП ЖШС, «Көл-Авто Ақтөбе» ЖШС, «Данай Ақтөбе» ЖШС, «ЗапКазАвто» — Актобе КамАЗ-орталығы ЖШС, «Казахавтодор» ММ-сі Ақтөбе филиалының 8-ші жол-пайдалану участогы (ЖПУ-8), «Көлік-логистикалық орталығы», «Қамқор Локомотив» АҚ Ақтөбе сервис орталықтарынан оқу-танысу тәжірибесінен өтті.

Алғашқы күні кафедрадағы тәжірибе жетекшілері студенттерге оқу тәжірибесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіп, мекемелердегі техника қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстырды.

Тәжірибе өту барысында мекеме басшыларымен болашақта кәсіптік іс-тәжірибеден өткізуге келісім-шарттар жасау, сол өндіріс базасында дуалды оқыту жүйесі бойынша филиалдар ашу, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері қозғалып, келіссөздер жүргізілді.

Тәжірибеден өту барысында мекеме мамандары студенттерге өндіріс талаптары мен атқарылатын жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер өндіріс орындарындағы жаңа қондырғылармен танысып, олардың құрылысы мен атқаратын қызметі туралы толық ақпараттар алды. «Қамқор Локомотив» АҚ Ақтөбе сервис орталығының маманы Әбумүсілім Темірханұлы Өткелбаев жаңа үлгідегі ТЭ-33А тепловозының дизель қондырғысының құрылысымен таныстыра келе: «бұл локомотивтерді жөндеу елімізде тек осы Ақтөбе стансасында болатынын айтып», студенттерді терең білім алуға, шет ел тілдерін жетік меңгеруге шақырды. Студенттер сервис орталығының мамандарына АҚШ-тың елінің локомотив жасау мамандарының жаңа қондырғыларды үйрету мақсатында беріп жатқан дәрістерін көріп танысты. Студенттер тарапынан мекеме мамандарына сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

Тәжірибе өту кезінде студенттердің алған әсерлері ерекше болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.