Среда, Май 8, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сенбілік ұжымдық рухты көтерді

Сенбілік ұжымдық рухты көтерді

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ұжымы сенбілікке шықты. Университет аумағын санитарлық тазалауға бағытталған сенбілік барысында қызметкерлер бекітілген орындарда еңбек етті. Күн райы да ашық, қолайлы болып, ұжымдық рухты көтере түсті. Таза ауада таң шуағымен көңілдері көтерілген қызметкерлер мен оқытушылар 3 га жерді тазалап, ағаштардың түбін қопсытты. Сенбілік әр оқу ғимаратында өтті.

Жалпыға ортақ еңбектің маңыздылығын Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында да атап көрсеткен болатын.  Сенбілік өткізу дәстүрі  адамдардың қоршаған ортаға, оның ахуалына қамқорлығын арттырады. Сенбілікке қатысушылар «Туған университетіміз айналасы таза, көрікті болуы тиіс. Сондықтан бүгін ортақ мүддемен, ниетпен еңбектенгенімізге қуаныштымыз»,- деп тарасты.