Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Сүйікті өлке объектив арқылы» атты фотобайқауға қатысуға шақырадЫ

«Сүйікті өлке объектив арқылы» атты фотобайқауға қатысуға шақырадЫ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облыстық тарихи — өлкетану музейі «Сүйікті өлке объектив арқылы» атты фотобайқауға қатысуға шақырады.

Байқау оқушылардың, студенттердің, магистранттар мен оқытушылардың эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық, танымдық және қоғамдық белсенділікті ынталандыруға бағытталған.

Фото байқауға қатысуға мектеп оқушылары, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен оқытушылары шақырылады.

Байқауға қатысу үшін 2020 жылдың 10 қазанына дейін fotokonkurs20@mail.ru электронды поштасына төменде тіркелген формада толтырылған  өтінім мен электронды түрдегі фотографиялық жұмыс JPG форматында жіберілу керек, әр номинация үшін бір фотодан артық болмауы керек.

Әр фотосуреттің файл атауы төмендегі схема бойынша 2 таңбадан тұруы керек: X-Y.jpg, мұндағы X — автордың тегі; Y — номинация нөмірі, мысалы: omirzakov-1.jpg. Интернеттен фотосуреттерді қолдануға тыйым салынады. Фотобайқауға қатысуға өтінімді бірден бірнеше номинация бойынша жасауға болады.

 

Байқау номинациялары:

«Біздің өлке адамдары»;

«Біз тұратын үй»;

«Көпкелбетті Ақтөбе»;

«Ақтөбе уақыт призмасы арқылы».

 

Жұмыстардың бағалау критерийлері: идеяның өзіндік ерекшелігі, стандартты емес идея; жұмыс мазмұны; жұмыстың эстетикалық қасиеттері; композициялық және түс схемасы; тақырыпты ашу.