Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Планетарий шары студенттер танымын арттырды

Планетарий шары студенттер танымын арттырды

Фесенков атындағы Астрофизика институтының физика-математика ғылымдарының кандидаты Виталий Ким Жұбанов университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Физика-математика факультетінің студенттері Ақтөбе облыстық планетарийінде болып, Астрофизика институтының жұлдыздар мен тұмандар физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкерімен кездесу ұйымдастырды. Мұнда Виталий Ким Қазақстандағы астрономиялық зерттеулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облыстық планетарий базасында Жұбанов университетінің Физика кафедрасының филиалы жұмыс істейді, онда студенттер мен педагогтардың практикалық және ғылыми жұмыстары жүргізіледі.