Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаппай ашық онлайн курстарын дайындау және ұйымдастыру бойынша семинар өтті

Жаппай ашық онлайн курстарын дайындау және ұйымдастыру бойынша семинар өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Жаппай ашық онлайн курстарын дайындау және ұйымдастыру»  тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарды университеттің оқу-әдістемелік бөлімі ұйымдастырды.

Басты мақсаты – электронды оқыту технологиялары қолданылатын жаппай ашық онлайн курсына қатысуға және Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын оқыту курсын құрудың технологияларын, студенттер мен оқытушылардың интерактивті түрде байланысу мүмкіндіктерін көрсету болып табылатын семинар жұмысын университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Б.С.Абенова ашты. Ол өз сөзінде жаппай ашық онлайн курстарын құру – ашық білім берудің ұлттық платформасын құруға мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті.

«Жаппай ашық онлайн курстарын құрастырудың кезеңдері мен оны құрудың әдістері» және «Жаппай ашық онлайн курстарын құру технологиясы»  тақырыптарындағы таныстырылымдарын Жұбанов университетінің оқу-әдістемелік бөлім бастығы А.Н.Кадиркулова  мен электронды білім беру бөлімінің маманы Ж.А. Кульмырзаевтар көрсетті.

Айта кетейік, қазіргі таңда университет бойынша 65 онлайн курсын құрастыру жоспарланып отыр.

Құндыз Сүлейменова

оқу-әдістемелік бөлім әдіскері