Среда, Май 8, 2024
Басты > Жаңалықтар > Озат студентке атаулы шәкіртақы тапсырылды

Озат студентке атаулы шәкіртақы тапсырылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ұсыныстарды қолдау және тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті техникалық факультетінің 5В090100 –«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 4 курс студенті Нұрбек Шекернаевқа — Байғанин ауданының экономикасын нығайтуда білікті басшы ретінде ауыл шаруашылығын механикаландыру, техникалық қуатпен жабдықтау ісіне сүбелі үлес қосқан, ауданның құрметті азаматы, облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер, еңбек және тың ардагері — НҰРДӘУЛЕТ ЕРМЕКҰЛЫ атындағы шәкіртақы тағайындалды.

Шәкіртақы тағайындау туралы куәлікті 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор — Тыныштық Нұрдәулетқызы Ермекова ханым Алматы қаласынан арнайы келіп табыстады.

Профессор Т.Н. Ермекова Байғанин ауданының ақылы негізде оқитын студент жастарын әлеуметтік қорғауға бағытталған атаулы шәкіртақы тағайындау болашақта да жалғасын табатынына сендірді.

Мұндай шаралардың студенттердің оқу үлгерімін жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға және қоғамның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ететіні анық.

Альбина ЕРСАЙЫНОВА