Среда, Май 1, 2024
Басты > Жаңалықтар > Зорлық-зомбылықсыз болашақ

Зорлық-зомбылықсыз болашақ

Осындай атаумен Жұбанов университетінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқанына орай зиялы қауым өкілдері студенттермен кездесу өткізді.

Кездесуде зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау, тұрмыстық озбырлықтың алдын алу, отбасылық қатынас, әйелдер мен ерлер арасындағы мемлекеттік құқықтар мен міндеттердің тең болуы, аналар мен балаларды заңды қорғау мәселелері талқыланды.

Жиында Денсаулық және салауаттылық орталығының жетекшісі Анна Гниденко психологиялық тренинг өткізді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Басқосуға үкіметтік емес ұйым, құқық қорғау органының өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.