Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Конфуций институтының білім алушылары жазғы тілдік лагерьде

Конфуций институтының білім алушылары жазғы тілдік лагерьде

2019 жылдың 25 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында ҚХР-ның Конфуций институттарының Бас Басқармасы /Ханьбан қолдауымен және Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің ұйымдастыруымен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Конфуций институтының 12 білім алушысы жыл сайын өткізілетін жазғы тілдік лагерь бағдарламасына жолдама алды. Қазіргі таңда жазғы тілдік лагерь бағдарламасы әріптес жоғары оқу орны Үрімші қаласы Синьцзян қаржы-экономикалық университетінде бастауын алды.

Қытайдағы тілдік лагерьдің негізгі мақсаты қатысушылардың тілдік біліктілігін арттыру және Қытай мәдениетімен танысу болып табылады. Екі аптаға созылған сапар барысында қатысушылар қытай мәдениетімен, каллиграфиясымен, сурет өнерімен, халықтық музыкасымен танысумен қатар, қытай тілі бойынша білімдерін арттырады. Сонымен қатар тамыз айының 31 мен қыркүйектің 5 аралығында Синьцзян қаржы — экономикалық университетінің ұйымдастыруымен жазғы тілдік экскурсия ҚХР астанасы Пекин қаласында жалғасын таппақ.

Соңғы алты жыл ішінде жазғы тілдік лагерде 150-дан астам қатысушы қытай тілі жөніндегі білімін арттырып, жазғы тілдік лагерь тағылымдамасын бітіргендігін растайтын сертификаттармен марапатталды.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы