Среда, Май 22, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды.
Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады.
«Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді», — деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жоо-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.
Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.
Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі