Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жас бишілер байқауы басталды

Жас бишілер байқауы басталды

Бүгін Жұбанов университеті Студенттер сарайы сахнасында көрермен жас бишілердің өнерін тамашалайтын болады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, балерина Нұрсұлу Тапаловаға арналған «Би әлемінің қарлығашы» атты ІІ облыстық офлайн байқау-фестивалі басталды.

Байқауда 10-20 жас аралығындағы хореография саласының қыр-сырын кәсіби меңгеріп жүрген бишілер тобы бақтарын сынайтын болады. Байқауға барлығы өнер ұжымдары құрамында 250-ге жуық мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу орны білім алушылары қатысты.

Байқауға қатысушылар халық билері, халықтық стильденген би, классикалық хореография, балет хореографиясы номинациялары бойынша өнер көрсетеді. Дарынды орындаушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтуде. Бірінен-бірі қалыспайтын таңдаулы би ұжымдары арасынан жеңімпаздарды әділқазылар алқасы фестиваль соңында анықтайтын болады.