Четверг, Май 9, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұмыспен қамтиды

Жұмыспен қамтиды

Ағымдағы оқу жылында Жұбанов университеті «Омас Интегрейтед» компаниясымен келісімге отырды. Бұл ТМД елдерінің мұнай-газ саласы үшін бұрғылау ерітінділері, ұңғымаларды аяқтау және жөндеу ерітінділері бойынша қызметтердің толық кешенін жеткізетін ірі компаниялардың бірі болып табылады.

Келісімде дуальды оқыту, ғылыми және әдістемелік форумдарды бірлесіп өткізу, ең бастысы, түлектерді жұмысқа орналастыру қарастырылған.

«Мұнай-газ ісі «кафедрасының оқытушылары мен магистранттары өздерінің ғылыми жұмыстарына қатысты «Омас Интегрейтед» зертханасында зерттеу жұмыстарын жүргізді.  Жақын арада 4 курс студенттері үшін дәрістер мен бірлескен зерттеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Қорытынды тестілеу нәтижелері бойынша студенттер компанияға жұмысқа қабылданады.