Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мемлекеттік наградамен марапатталды

Мемлекеттік наградамен марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінің оқытушысы, ерікті жас Нарқозы Қартжан Мемлекет басшысының «Шапағат» медалімен марапатталды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, волонтерлер бар.

Айта кетейік, «Шапағат» медаліне 68 волонтер, меценат және басқа да азаматтар ие болды.

Нарқозы Есенгелдіұлын марапатымен құттықтай отырып, еңбегіне жеміс, толағай табыстар тілейміз!