Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін өтініштер қабылданады

Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін өтініштер қабылданады

Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер сәуір айының 1 мен 22-сі аралығында SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қабылданады.

Ол үшін сізге қажет:
SMART ARSU мобильдік қосымшасын Play market/ App store арқылы жүктеу;
ҚОНАҚ рөлінде тіркелу;
СҚКО Темірқазыққа кіру;
ҚА тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау таңдау;
Көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және жіберу;
Өтінішті негізгі мәзірден «менің өтініштерімнен» бақылай аласыз.

Қажетті құжаттар тізімі:
1. Жеке куәліктің көшірмесі;
2. Ф-№ 075У үлгідегі медициналық анықтама;
3. Бір ай оқу ақысы төленген түбіртек (күндізгі бөлім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша ББ – 63600тг, басқа ББ – 49500тг, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша – 28000тг);

Сұрақтар бойынша 8 (7132) 562896 нөміріне хабарласыңыз.