Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жатақханаға өтініш 15 тамыздан бастап қабылданады

Жатақханаға өтініш 15 тамыздан бастап қабылданады

Smart ARSU мобильдік қосымшасы арқылы қабылданатын құжаттар:

Студенттің әлеуметтік жағдайын растайтын анықтамалар Pdf немесе JPEG  форматында электрондық нұсқада:

жеке басына  қатысты мүгедектігі болған жағдайда (анықтама);

көп балалы отбасы (куәлік);

аз қамтылған отбасы (ата-анасының жұмыссыз екендігін растайтын анықтама, ата-анасы ажырасқандығы жөніндегі анықтама);

ата-анасының жоқтығын немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылғандығын растайтын құжаттар;

категорияға жатпайтын отбасы (ата-анасының жұмыс орнына анықтама);

Вакцина алғандығын растайтын құжат (вакцина паспорты немесе ПЦР  анықтама);

Жұбанов университетінің емханасынан медициналық тексеріс өту міндетті (студенттер үйіне  орналасуға келген күні өтеді).

Бухгалтериядан келген төлемақы туралы хабарламадан кейін 24 сағаттың ішінде төлемді растау міндетті.

Байланыс нөмірлері:

8-705-202-54-11

8-778-568-77-92

8-771-768-15-70

Жұмыс уақыты:

ДС-ЖМ 08:30-18:00