Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Білім > Республика күніне орай эссе жазудан байқау жарияланды

Республика күніне орай эссе жазудан байқау жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Республика күніне орай эссе жазудан байқау жариялайды.

Ұлттық мереке — 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды.
Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.
Байқауға университетіміздің студенттері, магистранттары және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.
Жұмыс 2022 жылдың 15-қазанына дейін konkursesse_aru@mail.ru электронды почтасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпарат жоо сайтында.
Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады.

Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 18 қазанда өтеді. Байқаудың үздік деп танылған жұмыстары Республикалық екінші кезеңге жолдама алады.

эссе (3)