Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > Жұбановтың туған жеріне тағзым-сапар

Жұбановтың туған жеріне тағзым-сапар

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 30 қараша күні университетте өткізілетін дәстүрлі халықаралық конференцияға дайындық барысында «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Миров профессор Құдайберген Жұбанов өмірге келген қасиетті мекені Мұғалжар ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы мектепте, Жұрындағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектепте, Жем қаласындағы Ағайынды Жұбановтарға арналған мұражайда, Қаракөлдегі Қ.Жұбанов атындағы селолық округіде, ондағы Ахмет Жұбанов атындағы орта мектепте болды. Сапар барысында жұбановтанушы ғалым мектеп оқушылары және ұстаздар қауымымен кездесіп, Елбасы мақаласының маңызы, өткізгелі отырған конференцияның өзектілігі жайында сөз етті. «Жұбанов тағылымы» халықаралық  ғылыми конференциясы университетте 9-шы рет өткелі тұр.