Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенті әлемдік додада ел намысын қорғайды

Жұбанов университетінің студенті әлемдік додада ел намысын қорғайды

12-22 қаңтар аралығында Америка Құрама Штаттарындағы Лейк-Плэсид қаласында ХХХІ Дүниежүзілік Қысқы универсиада ойындары өтеді. Оған әлемнің 50 елінен мың жарымға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Қазақстан құрамасы сапында еліміздің жоғары оқу орындарынан 80 спортшы-студент  АҚШ-қа ел намысын қорғауға аттанды.

Олардың қатарында университетіміздің студенті Ернұр Бексұлтан да бар. Ернұр Бексұлтан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті. Ол шаңғы спортынан ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, халықаралық додалардың жеңімпазы.

Ернұр Бексұлтан дүниежүзілік додада спорттың «Шаңғымен жарысу» түрінен бақ сынайтын болады.

Жас спортшымызға сәттілік тілейміз!