Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылым айы басталды

Ғылым айы басталды

Жұбанов университетінде бүгіннен бастап Ғылым айы басталды. Оқу орнында 3-29 сәуір аралығында, яғни бір ай көлемінде 50-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Ауқымды шараларды атап өтсек:
• Облыстық өндіріс орындарының және кәсіпкерлердің қатысуымен «Бизнес пен ғылым интеграциясының өзекті мәселелері» форумы;
• «Жастар,ғылым және инновация» тақырыбында ХІХ халықаралық-тәжірибелік конференция;
• Облыстық көрме-квест «Ғылымland»;
• Мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілетін пәндік олимпиадалар;
• Облыстық оқушылар арасындағы «Өңірді дамыту драйверлері» ғылыми және кәсіпкерлік жобалар байқауы;
• «Дене шынықтыру және спорттың заманауи мәселелері» тақырыбындағы VІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және тағы басқа шаралар.

Сонымен қатар факультетішілік ғылыми-зерттеу семинарлары, дөңгелек үстелдер, шетелдік ғалымдардың дәрістері, олимпиадалар, воркшоптар, интеллектуалдық ойындар өткізілетін болады.