Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Білім > Студенттер мен оқушылар жаһандық тақырыптарды талқылады

Студенттер мен оқушылар жаһандық тақырыптарды талқылады

Жұбанов университеті базасында Біріккен ұлттар ұйымы моделінің үшінші конференциясы өтті. Дипломатиялық ойын форматында өткен конференцияны Жұбанов университеті  және Ақтөбе қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің AKX Mun Club көшбасшылары ұйымдастырды.

Конференция барысында қатысушылар «Климаттың өзгеру жағдайындағы инфрақұрылымды дамыту», «Соғыс кезінде маңызды инфрақұрылымды сақтау» тақырыптары бойынша жаһандық мәселелерді талқылады.  Іс-шараға қала мектептері мен университеттен 65-ке жуық оқушылар мен білім алушылар қатысты.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі – ғылыми конференция мен рөлдік ойынның синтезі болып табылатын платформа. Конференцияның көмегімен жоғары сынып оқушылары мен студенттер осы ұйымның комитеттерінің жұмысын жаңғыртып, дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік және тілдік дағдылар мен ымыраға келу қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар студенттер мен жоғары сынып оқушылары осы ұйым органдарының жұмысын жаңғыртады. Осы кезге дейін ұйымға қатысушы студенттер мен  оқушылар  Камерон, Судан, Уганда, Кения, Италия, Германия, Аргентина, Солтүстік Корея, Индонезия, Түркия тағы да басқа 60-қа жуық  елдердің  делегаттары ретінде жаһандық тақырыптарға талқылау жасап,  соңында резолюция түрінде ресми құжат жасады.

Конференция соңында үздік спикерлер грамоталармен марапатталды.