Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер балаларға арналған кітапша жасады

Студенттер балаларға арналған кітапша жасады

Жұбанов университетінің «Графикалық дизайн» мамандығының 3 курс студенттері «Балалар кітапшасының дизайны мен макеті-ойыншықтар» жобасы бойынша балаларға арналған кітапшалар жасады.

Студенттерге ойыншық кітаптың макетін жасауға 8 апта уақыт берілді.  Осы уақыт аралығында әр студент өздерінің авторлық дизайны мен баспа басылымының мәтінін ойлап тауып, идеяларын жүзеге асырды.

Айта кетейік, жобаның авторы университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінің аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі,  Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі Юлия Кузнецова.

— Бұл жай ғана студенттер арасындағы жоба емес. Дарынды жастарды түрлі байқауларға қатысып, өзінің мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға қолдау  таныту. Біздің студенттер Еуразиялық Дизайнерлер Одағының халықаралық көрмесінде бірнеше рет жеңіске жетті. Биылғы жылы біз жұмыстарды тұтынушыларға көрнекті әрі қызықты етіп, сапалы макеттер түрінде ұсыну керек деп шештік,  — дейді Юлия Кузнецова.

Жоба бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен студенттер балаларға арналған ойыншық кітаптардың дизайн ерекшеліктеріне мән беріп, композициясына  және қаріптердің орналасуына қойылатын талаптармен танысты. Содан кейін болашақ дизайнерлер баспа басылымдарының аналогтарын талдап,  дизайн жасау кезіндегі шығармашылық әдістерді зерттеді (кейіпкерлер, сюжет пен иллюстрация жасау тағы басқа). Нәтижесінде  жобаға қатысушылар Illustrator, Adobe Photoshop және тағы басқа бағдарламалардың көмегімен кітапшалардың макетін жасап шығарды.