Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы студенттермен кездесті

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы студенттермен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің 4 курс студенттері Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің басшысымен кездесіп, жұмысқа орналасу бойынша сұрақтарына жауап алды.

Кездесуде Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов аталған салада қандай мамандықтардың студенттері жұмыс істей алатынын атап өтті.

«Қазіргі таңда департаментте Жұбанов университетінің көптеген түлектері басқарма бастығы, тергеушілер, жедел уәкіл ретінде қызмет атқарады. Құқық қорғау саласында жұмыс істеу үшін тек заңгер мамандығын бітірген студенттер ғана емес, сондай-ақ, филология, ІТ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психология, химия-биология, дене шынықтыру және спорт мамандығын бітірген мамандар да қажет»,- дейді департамент бастығы.

Студенттер құқық қорғау органдары жүйесіне жұмысқа орналасу бойынша қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар диалог алаңында ішкі істер органдары қызметіне үміткерлерге қандай талаптар қойылатыны, артықшылықтары мен жастарға берілетін мүмкіндіктер туралы айтылды.