Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жолдады. Маңызды мәлімдемені Жұбанов университеті ұжым болып тыңдады.

Президент Жолдауында еліміздің экономикасын дамыту, өнеркәсіпті күшейту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелерімен қатар білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталып өтті.

Президент ІТ саласын дамыту бойынша жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану білім экономикасына тың серпін беретінін атап өтті.

Сонымен қатар Президент сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы екендігіне тоқталды. «Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет»,-деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кадр тапшылығы өзекті мәселе екендігін айтып, бұл мәселені қолға алуды тапсырды. Бұдан өзге де Жолдауда бірқатар мәселелер көтеріліп, үкіметке түрлі тапсырмалар берілді.

Сөз соңында Президент Әділетті Қазақстанды құруда еліміздің әрбір азаматын қасиетті парызға адал болуға шақырды. «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ», — деді ел Президенті.