Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Мыңнан астам білім алушы Президенттік стипендияға ие болды

Мыңнан астам білім алушы Президенттік стипендияға ие болды

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен 2023 жылы Президенттік стипендия еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалды.
Бакалавр студенттері үшін Президенттік стипендия мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге.
ҚР Президенті стипендиясының мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдау, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу.
Стипендиаттар үшін іріктеудің негізгі критерийі — тек «өте жақсы» (А, А -) оқу. Сондай-ақ, студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескеріледі.
Сонымен қатар, ашылулар мен өнертабыстардың авторлары стипендия иегерлері бола алады; ғылыми еңбектер жинағында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар білім алушылар; жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады; білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қатысады.
Президенттік стипендия 3 курстан бастап күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және екінші курстан бастап магистранттарға тағайындалады.
/gylym.jogarybilim/