Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті — “Жол” театрының Ақтөбедегі алғашқы көрермені

Жұбанов университеті — “Жол” театрының Ақтөбедегі алғашқы көрермені

1 қараша күні Жұбанов университетінің оқытушылары мен студенттері қазақ театр кеңістігіне енді ғана қадам басып келе жатқан «Жол» театрының «Мұғалім» атты қойылымын алғашқылардың бірі болып тамашалады.

Жас драматург Қолғанат Мұраттың пьесасы негізінде сахналанған, режиссер Данияр Базарқұловтың бұл туындысында ата-ана мен бала, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас туралы көрсетіледі.
Көрерменге бүгінгі қоғамның қалай қалыптасып жатқандығы туралы, жеткіншектердің жан дүниесіндегі қуаныш пен мұңды және қойылымның аты айтып тұрғандай мұғалімнің бала болашағын қалыптастырудағы орны туралы мәселелерді жеткізгісі келген «Жол» театры қойылым соңында қошеметке бөленді.

Жұбанов университетінің 2-курс студенті Дана Нұржігіт: «Расымен де, қойылымды көріп отырып көз алдыма оқушы кезімде балалықпен жіберген қателіктерім есіме түсіп кетті. Рухани демалыс үшін «Жол» театрына және менің сүйікті университетіме алғыс білдіремін»,-деп спектакльден алған әсерімен бөлісті.