Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті үкіметаралық жиынға қатысты

Жұбанов университеті үкіметаралық жиынға қатысты

Жоғары оқу орындарының сапалы оқыту үдерістерін арттыру мақсатында Ұлыбританияның бизнес және сауда департаменті, Ұлыбритания Елшілігі, Британ Кеңесі және Қазақстандағы Де Монфорт университеті Трансұлттық білім беру жөніндегі Үкіметаралық комиссияның оныншы жұмыс тобының отырысын өткізді.

Жиынға Жұбанов университеті атынан академиялық сапаны арттыру департаментінің директоры, PhD Жадыра Махметова қатысты. Университет ғалымы оқу орнының шотландиялық Heriot-Watt университетімен серіктестік бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар баяндамасында бірлескен қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру, оқу жоспарын әзірлеу, маңызды кезеңдерді және болашақ мүмкіндіктерді, сондай-ақ трансұлттық білім беру аясында серіктестікті нығайту мәселелеріне тоқталды.

Кездесуде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлыбританиядағы Жоғарғы білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттігі, Ұлыбриятаниядағы бизнес және сауда департаменті және басқа да қазақстандық және британдық университеттердің спикерлері трансұлттық білім берудің ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қиындықтарын талқылады.

Бағдарламаның екінші бөлімінде Ұлыбританияның Бизнес және сауда департаменті трансұлттық білімнің маңызды аспектілері, атап айтқанда, серіктес университеттермен қарым-қатынас орнату, бағалау саясаты мен модерация, білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты жариялау бойынша семинар өткізді.