Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім беру жүйесіндегі зерттеулер талқыланды

Білім беру жүйесіндегі зерттеулер талқыланды

Жұбанов университетінде «Білім беру жүйесіндегі трансформация: тәжірибе, инновация және перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар қатысты.

Жиында білім беру жүйесінде қандай трансформациялар жүзеге асырылуда, оның қазақстандық педагогика саласына тигізетін әсері, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының тұлғалық қалыптасуы жайында өзекті мәселелер талқыланды.

Пленарлық мәжілісте Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Салтанат Абильдина, Орынбор мемлекеттік университетінің профессоры Татьяна Ольховая, Индонезияның Джокьякарта мемлекеттік университетінің Phd докторы Суриа Приади, Жұбанов университеті педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің деканы Абылай Каринов тағы да басқа ғалымдар мазмұнды баяндама жасады. Баяндамашылар бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, білім берудегі коучинг пен тәлімгерліктің болашағы, Индонезияның жоғары оқу орындарында мұғалімдер даярлауды жүзеге асырудағы заманауи үрдістер тақырыбындағы негізгі мәселелерді талқылап, тәжірибесімен бөлісті.