Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттер арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Студенттер арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Жұбанов университетінде «Қоғам дерті, лудомания, қаржылық пирамида» тақырыбында өткен зияткерлік сайысқа Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Қостанай және Ақтөбе облыстарынан 34 команда қатысты.

Турнирді Жұбанов университеті Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанатына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, университет басшылығы және жоғары оқу орнының белсенді жастары қатысты.

Пікірсайыс турнирі екі күнге созылды. Нәтижесінде бірінші орынды Ақтөбе өңірінің «Соңғы нүкте» фракциясы, екінші орынды Шымкент қаласының «Фемида» фракциясы, үшінші орынды Орал қаласының «Интеллект» фракциясы иеленді. Сондай-ақ, турнирдің үздік спикері, үздік төреші, үздік гид номинациялары бойынша белсенді ойыншылар марапатталды.

Жеңімпаздарға арнайы жүлде қоры және ойыншыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.