Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Creative Week: Кәсіпкерлік дағдылары

Creative Week: Кәсіпкерлік дағдылары

«Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында Жұбанов университетінде Creative Week шарасы өтті.
Іс-шара барысында спикерлермен кездесу, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған Ybyrai Lab және білім алушыларға арналған «Кемел Кәсіпкер» бизнес-кейстері шешімі және «Project Day» жобаларын құру бойынша жарыстар өтті.

Спикерлер CEO COMPASTELECOM, Smart-кәсіпкер Әнуар Төлепбай және психология магистрі, тренер, ұйымдастырушылық және жеке тиімділік саласындағы сарапшы Ерлан Мұстафин өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әнуар Төлепбай студенттермен кездесу барысында кәсіпкерлік дағдылар бойынша пікірімен бөлісті. Кәсіпкер жастарды қандай кәсіп иесі болмасын, өз саласының білікті маманы болуға шақырды.
– Сіздерде қазір барлық ресурс бар. Жассыздар, болашақтарыңыз алда. Бойларыңызда энергия тасып тұр. Өзіңізді жан-жақты жетілдіруге, білім алуға мүмкіндіктеріңіз мол. Кәсіпкер болу үшін үлкен мақсат қоя білулеріңіз қажет, — деді ол.
Сонымен қатар әлемді мойындатқан кәсіпкерлердің бәрі өзін-өзі дамыту арқылы, кітап оқу арқылы осындай дәрежеге жеткені туралы мысалдар келтірді.

Айта кетейік, Жұбанов университетінің студенттерінен құралған командалар екі лигаға бөлініп, өз жобаларын қорғады. Жеңімпаз командаға «Big Ideas Camp» (2024) жазғы кәсіпкерлік мектебіне 10 квота берілді.