Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жасөспірім спортшыларға кәсіби бағдар берілді

Жасөспірім спортшыларға кәсіби бағдар берілді

Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының кәсіби бағдар беру тобы Ақтөбе қаласының «Жастар» облыстық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде және № 4 жалпы білім беретін орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыс мақсатымен барды.

Бұл шараға кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.А.Ботагариев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.С. Кубиева, қазақша күрестен КазКСРО спорт шебері, үстел теннисінен ҚР ұлттық дәрежегі төреші Р.Т.Тойлыбаев, ҚР құрметті спорт қайраткері А.К.Кулмагамбетов, аға оқытушылар С.С.Гурбан, Б.К.Мамытов, К.Марденов, Р.Саитгалиев, Р.Уахитов, магистр О.Бекмагамбетов қатысты.

«Жастар» БЖСМ директоры П.А.Грибовский, № 4 ОМ директоры С.Ж.Шуйтенов, БЖСМ директоры Б.Е Енсепбаев мектеп жұмысы және спорттық жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Кәсіби бағдар тобын бастап барған профессор Т.А.Ботагариев жиналғандарды кафедра жұмысымен таныстырды.

Болашақ талапкерлерге университет туралы бейне көрме көрсетілді. Кәсіби бағдар беру тобы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына тапсыру үшін университетке түсу ережесімен, университеттің материалдық – техникалық базасымен таныстырып, талапкерлердің оқуға түсуіне арналған дайындық курстары қарастырылғандығы жайында да айтылды.