Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметі кеңейді

«Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметі кеңейді

Жұбанов университетінің «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығында тағы  15 қызмет түрі қосылды.  Бұлар: іс-сапар куәлігін беру және есебін қабылдау; жоғары білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру (академиялық анықтама); оқудан шығып қалған студенттерге анықтама; ЖОО түлектеріне жұмысқа орналасуға жолдама беру және тіркеу; univer базасында, оқу құжаттарында және бұйрықта өзгеріс (тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге байланысты) енгізуге өтініш қабылдау; бастапқы білімін куәландыратын құжаттарын беру (аттестат, диплом); босаған білім грантына өтініш қабылдау; білім беру бағдарламаларының арнайы және институционалды аккредитациясы туралы анықтама беру; оқудан шығып қалған студенттерді қайтадан қалпына келтіру; өз еркімен оқудан шығу туралы өтінішті қабылдау; академиялық демалысқа шығуды рәсімдеу; академиялық демалыстан келуді рәсімдеу; студенттердің, қызметкерлердің сәйкестендіру картасын дайындау, тарату; ректордың атына студенттерден өтініш қабылдау; толтыру үшін шығу парағын беру.

СҚКО-да осыған дейін «бір терезе» қағидасы бойынша оқу-ағартушылық, төлқұжат үстелі және әскери жұмылдыру, бухгалтерлік есеп және есеп беру бағыттарында 10 түрлі қызмет көрсетіліп келеді.            

«Темірқазық» орталығы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауына және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына  сәйкес, жемкорлыққа қарсы оқу процесіндегі ақпараттық ашықтықты дамыту, қызмет көрсетуді оңтайландыру, өзара сыйластық қарым-қатынас мәдениеті мен ортаны қалыптастыру мақсатында ашылған болатын.

СҚКО Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының мамандары арнайы келіп, ПОҚ, студенттер және қызметкерлерге Электронды үкімет порталымен жұмыс істеу бойынша түсіндірме семинар өткізді. Семинарда электронды цифрлы қолтаңба алу, оны пайдалану  уақытты үнемдейтінін және  мемлекеттік қызметтерді онлайн алу туралы ақпарат беріп, қосымша сұрақтарға жауап берді.