Суббота, Октябрь 1, 2022
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми кеңес мәжілісінде марапаттаулар өтті

Ғылыми кеңес мәжілісінде марапаттаулар өтті

Жұбанов университетінің кезекті Ғылыми кеңесі мәжілісінде университеттің бірқатар профессор-оқытушылары марапатқа ие болды.
Олардың арасында университеттің Бас ғылыми хатшысы Абылай Мұхамбетжанов та бар. Абылай Жортабайұлы Астана қаласына қоныс аударуына байланысты бүгін өзінің педагогикалық-ғылыми бар ғұмырын арнаған оқу орнымен қоштасты. Оның төсіне ректор Бауыржан Ердембеков «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін қадап, ақжолтай көңілмен шапан-бөрік кигізді. Сондай-ақ жуырда университетте өткен қазақтың асқақ ақыны Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдығына байланысты шараларды ұйымдастыруда қосқан зор үлестері үшін филология факультетінің деканы Күлзат Садироваға, «Абайтану» ҒЗО-ның жетекшісі Абат Пангереевке, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Мира Балтымоваға «Өтежан Нұрғалиев» атындағы төсбелгі тапсырылды. Осы мәжілісте жаратылыстану факультетінің профессоры Ерболат Меңдібаевқа «Экология» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор аттестаты ресми түрде табысталды.