Четверг, Май 16, 2024
Басты > pressa (Страница 222)

Ақтөбеде «Парасат жолы» орталығы ашылды

Ағымдағы жылдың 12 наурызында облысымызға жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы Сәдібек Түгел Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, ғылыми кеңес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласында тың жоба болып табылатын «Парасат жолы»

Көбірек

Қазақстанда Наурыз мейрамы ресми мереке ретінде тойлана бастағанына 30 жыл толды

1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Наурыз мейрамы ресми мереке ретінде бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 1991 жылы 15 наурызда Қазақ СССР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы шығып, «Наурыздың 22-сі – халықтық мереке «Наурыз мейрамы» болып жарияланды. Жарлықта «Халық депутаттарының жергілікті советтеріне климаттық жағдайларды ескере отырып, халықтық мереке – Наурыз

Көбірек

Президент қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz «Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл – нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы», деп жазды Президент. © egemen.kz  

Көбірек

Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні

Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте

Көбірек

«Парасат жолы» орталығы ашылды

Бүгін Жұбанов университетінде «Парасат жолы» орталығы жұмысын бастады. Орталық облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Адалдық алаңы» жобасы аясында ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет  және Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық

Көбірек

Жаңа жобаны ұсынды

Жұбанов университетінің ректорының міндетін атқартушы Рахым Бекназаров Назарбаев университетінің студенттері Сұлтан Меңдібаев, Мақсат Бекқұлиев және Дамир Қанымқұловпен кездесті. Кездесуде Назарбаев университетінің студенттері Жұбанов университетінің басшысы мен студенттерін  «V.Elec» жобасымен таныстырды. Бұл жоба Жұбанов университеттің Инновациялық технологиялар паркінің «Робототехникалық жүйелер» зертханасында жинақталған. Сондай-ақ, бұл жоба спортпен айналысуды электр энергиясына айналдыратын қарапайым және қолайлы

Көбірек

Жұбанов университеті: Ерекше көрме ұйымдастырылды

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі жастар сарайының фойесінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде алаштың ардақты тұлғалары Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев пен Әлихан Бөкейхановтың бейнесі көрерменнің зор ықыласына бөленді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Жиынды кіріспе сөзімен ашқан Жұбанов университетінің ректорының міндетін атқарушы, профессор

Көбірек

Елімізде мемлекеттік гранттардың бірнеше түрі енгізіледі

Жоғары білім алуға қолжетімділікті кеңейту үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жоғары білім беруде кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын 100 пайыз жаңарту міндеті тұр. QS WUR рейтингісіне кіретін қазақстандық жоғары

Көбірек

Әріптестік аясы кеңімек

Бүгін Жұбанов университетінің басшылығы мен «Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы  инновациялық экожүйені және индустриялық-инновациялық жобаларды дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты кездесуде Жұбанов университетінің ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров алдағы уақытта екі  тарап  арасында тәжірибе алмасу, әріптестік мақсатта түрлі бағыттардағы тиімді іс-шаралардың атқарылатындығына сенім

Көбірек