Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде «Парасат жолы» орталығы ашылды

Ақтөбеде «Парасат жолы» орталығы ашылды

Ағымдағы жылдың 12 наурызында облысымызға жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы Сәдібек Түгел Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, ғылыми кеңес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласында тың жоба болып табылатын «Парасат жолы» орталығын университет қабырғасында ашуға бағытталған.Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының басында Агенттік пен Мәдениет және спорт министрлігінің бірінші басшыларымен меморандумға қол қойылып, зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан «Парасат жолы» жобасының тұсауы кесілген болатын.

Аталған жоба қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, халықтың әдеби, мәдени және шығармашылық құндылықтарын пайдалана отырып парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.

Бүгінгі күннің өзінде, Ақтөбе облысындағы 233 мемлекеттік кітапханада жоба орталығы ұйымдастырылып, өз жұмысын бастап кеткен.

Сонымен қатар, бүгінгі күні «Парасат жолы» жобасына батыс өңіріндегі ірі жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылатын Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті де үн қосып отыр.

Алдағы уақытта, аталған орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб, жазушылар, ақындар, ғылым мен білім қайраткерлерінің, белсенді қоғам мүшелерінің қатысуымен көптеген шаралар өткізілетін болады.