Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 40)

Құттықтаймыз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекттік университеті педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Салима Сағынқызы Сейтеноваға Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Білім саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (2017 жылы 15 қыркүйектегі №1349 бұйрық) Педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Сондай-ақ, Салима Сағынқызы  Қазақстан Республикасы білім және  ғылым министрлігі 2017 жылғы Ғылым

Көбірек

Аккредиттеу сәтті өтті

Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2017 жылғы 17 қарашада өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 9 білім бағдарламасын 5 және 3 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылдады. Еске сала кетейік, осы жылдың 4-6 қазан аралығында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар тобы университетіміздің: 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі 5В021200-Шетел филологиясы: ағылшын тілі 5В042100-Дизайн 5В090100-Көлікті пайдалану,

Көбірек

Факультетаралық пікірсайыс турнирі жеңімпаздары

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын университет студенттеріне насихаттау мақсатында өткізілген дәстүрлі факультетаралық «Ректор кубогіне» арналған пікірсайыс турниріне қатысып, танымдық ақпараттармен қаруланып зеректілік, дербестілік пен логикалық жүйелі сыншылдық танытқаны үшін тарих факультетінің 1-курс студенттері Әйгерім Байкулова мен Темірлан Снасапин жүлделі бірінші орынды иеленді. Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз!

Көбірек

«Дельфин» бассейніне тегін жолдама

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлының қолдауымен университеттің белсенді студенттеріне «Дельфин» бассейніне тегін абонемент берілді. Аталмыш шараның мақсаты  – студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Университеттің Мәжіліс залында өткен жиынға факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен университеттің үздік студенттері қатысты.

Көбірек

Университет студентінің жеңісі

Университеттің «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті Ақбота Тәжімағанбетова   биылғы оқу жылын үлкен табыстармен бастады. Атап айтар болсақ, Ырғыз ауданында өткен XXI «Аймақты әнмен тербетіп....» атты өнер сайысында  эстрадалық ән жанры бойынша II-орынды иеленсе,  ашық аймақтық мәдени-білім беру жобасы  «Жұбанов кездесулері»  атты конкурста  I-орын иеленіп, лауреат атанды. Сондай-ақ, «Әуелейді Шәмші әні» облыстық

Көбірек

Халықаралық турнирде топ жарды

2017 жылдың 21-22 қазан аралығында Ақтөбе қаласында 18+ жастағы ерлер арасында таэквон-дадан ашық Халықаралық кубогі өтті. Аталмыш кубокта кәсіби–шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Илья Топол бірінші орынды иеленді. Жас спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Көбірек

Әлем біріншілігінен жүлдемен оралды

2017 жылдың қазан айында Ресейдің Медынь қаласында өткен 18-20 жастағы жасөспірімдер арасындағы Әмбебап жекпе-жектен Әлем біріншілігінде Университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенттері Асылхан Толембай екінші орынды иеленсе, Талгат Ыбырай үшінші орынды жеңіп алды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!

Көбірек

Құрметке лайықты ұстазды құттықтау кеші

2017 жылдың 20 қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Педагогика факультетінде факультет кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Салтанатты жиынға университет басшылығы өкілдері, педагогика факультетінің деканы Жанна Жүсіпова, факультет ұжымы қатысты. Басқосу педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Ермекбайқызының құрметті демалысқа шыққан мерейтойына орай ұйымдастырылды. Университетте 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарып,

Көбірек

Ақтөбелік спортшы азия ойындарының жүлдегері атанды

Қыркүйек айының соңында Түркеменияның Ашхабад қаласында жабық ғимаратта өтетін бесінші Азия ойындары ұйымдастырылды. Дода қорытындысында жүзу спортының шебері Айбек Камзенов екі мәрте қола жүлдегер атанды. Бүгін оны жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды. Бесінші Азия ойындары Ашхабадта қыркүйектің 17-сі мен 27-сі аралығында өтті. Жүзуден біздің облысымыздың атынан  "Достық" су спорты мектебінің және олимпиада

Көбірек