Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 546)

Әдістемелік апталық қорытындыланды

13–17 қараша аралығында университетте оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен әдістемелік апталық өткізілді. Шара мақсаты – оқытушылар арасында заманауи әдіс тәсілдерді қолдану бойынша оқытушылар арасында тәжірибе алмасу және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдарына байланысты әдістерімен  бөлісу.  Әдістемелік апталығы «Студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру – сапалы білім кепілі» деген жалпы тақырыппен аталды. Жоспарланған шаралар

Көбірек

«Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылды

Жақында Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылды. Кафедра филиалын құрудағы басты мақсат – кәсіби мамандар дайындауда өндіріспен байланысты нығайту, тәжірибе алмасу. Филиалдың ашылуында сөйлеген сөзінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Мира Балтымова кафедра тарихына шолу жасап, оқу-әдістемелік бағыттағы жұмыстардың жай-жапсарына тоқталды.  Сондай-ақ кафедра филиалымен жұмыс жасау ережесімен

Көбірек

Жұбанов жастары Қытайда үздік өнер көрсетті

Қытай Халық Республикасының мәдениеті күндері аясында өткен халықаралық жарысқа Жұбанов университетінің студенттері қатысып, «Ең үздік өнер» номинациясын иеленді. Олар қазір академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Синьцзян қаржы экономикалық университетінде оқып жатыр. Өнерлі жастар жарыста қытайлықтардың  «Тайцзицюань» деп аталатын сауықтыру жаттығуын тамаша орындап шықты. Жауынгерлік рухта көрсетілетін бұл өнер қытайлықтар арасында кең танымал.

Көбірек

«Корей тілі» орталығы жұмысын бастады

Университетте Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы «Tongmyong» университетімен бірлестікте ашылған «Корей тілі» орталығы корей тілінің курстық сабақтарын бастады. «Корей тіл» орталығында корей тілі сабақтарымен қатар, каллиграфия, корей тағамдарын дайындап үйрену, дәстүрлі қолөнер  және т.б. қосымша мәдени сабақ түрлері өткізіледі. «Корей тілі» орталығы Корей тілінің негіздерінен бастап, халықаралық стандарттарға сәйкес тілді еркін игеруге

Көбірек

Ұстаздардың ерекше сый-құрметі

Кәсіби-шығармашылық факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арнап факультет студенттеріне мағыналы сый тарту етті. «Білім ап саяңда» деп аталатын мерекелік кеште әр кезеңде студент болған оқытушылар онжылдыққа бөлініп, шәкірттеріне тілек айтып, өнер көрсетті. 1960,1970 жылдар студенттерінің орындауындағы «Армандастар» әні көрерменді сол жылдарға жетелесе, гитараларын мойнына ілген 1980

Көбірек

Аккредиттеу сәтті өтті

Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2017 жылғы 17 қарашада өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 9 білім бағдарламасын 5 және 3 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылдады. Еске сала кетейік, осы жылдың 4-6 қазан аралығында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар тобы университетіміздің: 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі 5В021200-Шетел филологиясы: ағылшын тілі 5В042100-Дизайн 5В090100-Көлікті пайдалану,

Көбірек

«Абайтану» орталығында семинар өтті

Жақында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығында филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында кафедра филиалдарымен бірлескен әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға «Қазақ әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылары, Новый орта мектебі мен №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының мұғалімдері, университет оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Д.Садықова, магистранттар мен студенттер қатысты. Семинардың кіріспе

Көбірек

Әдістемелік апталық аяқталды

Университетте 13 қарашада бастау алған әдістемелік апталық бүгін барлық факультеттерде қорытындыланды. Апталық аясында факультеттерде семинарлар, дөңгелек үстелдер, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Физика-математика факультетінде Апталық аясында физика-математика факультетінің математика кафедрасында «Математика сабақтарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда Блум таксономиясын қолдану» тақырыбында семинар өтті. Семинарға физика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинар барысында кафедраның аға оқытушысы К.С.Баешева

Көбірек

Университет студенттері жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтау жобаларын ұсынды

Университеттің техникалық факультетінде «Есте сақта және ойлан!» ұранымен «Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі үшін - студенттердің ойлары мен ынталары» тақырыбында байқау өткізілді. Ондағы мақсат - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенттерінің шығармашылық қабілетін арттыруға, біліктілігін жетілдіруге, өз беттерінше ізденуге бағыт-бағдар беру. Байқауға аталмыш мамандықтың 2-3-4 курс студенттері арасынан 50-ден

Көбірек