Пятница, Октябрь 18, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің 17-і студенті шетелде білімін шыңдауда

Жұбанов университетінің 17-і студенті шетелде білімін шыңдауда

Бүгін білімнің заманы. Тал бесіктен, жер бесікке дейін іздену әрбір саналы адамның ұстанған жолы болса керек. Шетелде оқу, білім жетілдіру, тіл үйрену көп студенттеріміздің армандарының бірі.

Қазіргі таңда университетіміздің 17 студентінің бұл арманы орындалып отыр. Олардың 8-і 2018-2019 оқу жылының 1- ші жарты жылдығында күндізгі бөлімнің сәйкесті мамандығы бойынша Сакария университетінде (Түркия Республикасы) «Мәулана» алмасу бағдарламасының конкурсынан өтсе, 9-ы аталмыш университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өз білімдерін шыңдауда. Сакария университетінің еріктілер құрамының мүшесі Ферхат Мелемез Жұбанов университетінің студенттерін қарсы алып, жатаханаға орналастырып, сабақтар барысымен таныстырды. Ақтөбелік студенттер «Мәулана» бағдарламасының координаторлары Нариман Канбур және Пынар Санжакпен кездесіп, сабақ кестелерімен танысты. Студенттеріміз өз білімдерін шыңдаумен қатар сол елдің тарихымен, мәдениетімен жете танысу мақсатында түрік қалаларын аралауда. Осылайша студенттеріміз Түркияның Республика күні мерекесі қарсаңында Анкара қаласына барып, мерекелік шараларға қатысты. Ондағы Елбасымыздың резиденциясын көріп, естелік суреттерге түсті. Сонымен қатар олар Сакария университетіндегі «Мәулана»бағдарламасы бойынша әр елден келген шетелдік студенттер бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатқандығын қуанышпен жеткізді.

Жұбанов университетінің студенттері түрік жерінде тек білім алып қана қоймай, қоғамдық және спорттық шараларға қатысуда. Осылайша олар университетішілік достық футбол ойынына қатысып жақсы нәтижеге қол жеткізді.

 

                                                      Гүлбану Қуанышова

Халықаралық ынтымақткастық

 орталығының әдіскері