Пятница, Ноябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындары қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өтті

Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындары қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өтті

Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күнінің қарсаңында Жұбанов университетінде «Болашаққа бірге парасыз» атты Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындары қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өтті. Шараны Жұбанов университеті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен біргелікте ұйымдастырды.

Қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорттық қабілеттерін нығайту, салауатты өмір салтын ұлықтау мақсатында ұйымдастырлыған жарысқа Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, М.Оспанов атындағы БҚММУ, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бегелдинов атындағы ӘҚКӘИ және ҚР ІІМ АЗИ командалары қатысты.

Жарысқа қатысушы командалар мен қонақтарды Жұбанов университетінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры Нұржан Бердібаев қарсы алды.

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Ербол Толыбаев жарыс ұйымдастырушыларына алғысын білдіре келе, спортта «әділдік» пен «әділеттілік» қағидалары басты назарда болуы керек және бұл қағидалардың барлық салаларда сақталғаны жөн екендігін атап кетті.

Университеттің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ольга Сұлтанғалиева өз кезегінде барлық командаларға сәттілік тіледі.

Ойынды алғашқылардың бірі болып Жұбанов университеті мен ҚР ІІМ АЗИ командалары бастаса, екінші айналымда М.Оспанов атындағы БҚММУ, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бегелдинов атындағы ӘҚКӘИ командалары кездесті.

Жеңімпаздар ақтық ойыннан соң анықталады.

Айта кету керек, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні 2004 жылдан бастап, 9 желтоқсан күні аталып өтіледі. Осы күні 2003 жылы Мексиканың Мерида қаласында өткен Саяси конференцияда 2003 жылдың 1 қарашасында БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына қол қо йылған болатын.

Аударған Ажаргүл КУНАРОВА