Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлы ақынның өнегелі өмірі насихатталды

Ұлы ақынның өнегелі өмірі насихатталды

Бүгін Жұбанов университетінде қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші әрі композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай «Алатаудың ақиығы» тақырыбында конференция өтті.

Жиынға ақынның ұрпақтары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Сүндет Байғожин, халықаралық конкурстардың лауреаты талантты жас әнші Ержан Максим, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенгалиева, университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Конференция барысында Кенен Әзірбаевтың шығармашылық мол мұрасы жайында айтылып, өскелең ұрпаққа халық ақынының әндері, жыр-дастан, толғаулары насихатталды.

Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Кененұлы мұндай шаралардың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға, университет ұжымына алғысын жеткізді.