Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет қызметкерлеріне арналған вебинар

Университет қызметкерлеріне арналған вебинар

Жұбанов университетінде оқу үрдісінің «Университет 2.0» моделіне өту жағдайының  трансформациялануына байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің қатысуымен вебинар өтті. Вебинарға Жұбанов университетінің Ақпараттық технологиялар орталығының (ЦИТ), Қашықтықтан оқыту технологиялар орталығының, оқу бөлімінің қызметкерлері және қабылдау комиссиясының өкілдері қатысты.

Вебинарға қатысушылар ғылыми-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстары жайында сөз қозғады (зерттеу университетінің моделі). «Университет 2.0» моделі пайдаланған жоғары оқу орыны білім беру мен зерттеуге бағытталады.

Айта кету керек, бірінші модель – бұл жай оқу бағдарламалырын жүзеге асыратын университет. Университет 3.0 — кәсіпкерлік бағыттағы университет моделі. Бұл модель көбіне шетелдік жоғары оқу орындарына тән. Университет 4.0 —  өнеркәсіптік кәсіпорындарда қол жеткізе алмайтын мəселелерді шешуге арналған ресурстар мен құзыреттілікке ие жеке бөлімдері (барлық емес) бар университет.  

Осындай шараларды өткізудің оқу үрдісіндегі маңыздылығы туралы сөз қозғалған вебинар пікір мен ұсыныстар алмасу алаңына айналғандығы сөзсіз.