Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Белгілі ғалымға арналған халықаралық конференция

Белгілі ғалымға арналған халықаралық конференция

Жұбанов университетінде профессор Қағазбаева Әспет Кеңесбекқызының 70 жасқа толуына арналған «Математикалық білім: жағдайы, мәселелері, болашағы» халықаралық конференциясы өтті.

Кон­ференция барысында пленар­лық мәжілісте конферен­цияның ғылыми бағыттары бойынша 5 баяндама, 4 секцияда 100-ге жуық теориялық, тәжіри­белік және қолданбалы сипаттағы ғылыми баяндамалар жасалды.

Саналы ғұмырын әлемдік ғылымның ажырамас бөлігіне арнаған Әспет Кеңесбекқызы Қазақстанның білім-ғылым саласына өлшеусіз үлес қосты. Әлемнің атақты ғалымдарынан дәріс алып, көрген-білгенін, көкейге түйгенін жас ұрпаққа жетікізіп, үлкен жаңалықтар аша білген Әспет Қағазбаеваның еңбегі ескерусіз емес. Ол – 200-ден аса  ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, КазССР халықтық білім беру үздігі, Ақпараттандыру халықаралық академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Халықаралық конференция жұмысына Ресей мен Қырғызстан сынды  алыс-жақын шет елдердің ғалымдары, жоғары оқу орындарының және білім беру мекемелерінің оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер, ғалымның достары, әріптестері қатысып, оның өмір жолы туралы естеліктерімен бөлісті.

Ғылыми жиынға қатысушылар ғалымдар мен шәкірттері  мерейтой иесін құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.

Конференция «Жаратылыстану — ғылыми білім: жағдайы және даму бағыттары; Мектептегі математикалық білім мазмұнын жаңарту жағдайында  педагог кадрларды даярлау мәселелері», «Жоғары оқу орны мен мектептің білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар», «Қазіргі заман жағдайында пән мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудың өзекті мәселелері» бағыттар бойынша жүргізілді.

Аталмыш ғылыми шара шеңберінде дөңгелек үстелдер, шеберлік кластар, пікірталастар өтіп, педагогикалық шеберлік студиясы жұмыс жасады.

Конференция аясында РФ еңбек сінірген жоғары мектеп қызметкері, Смоленск мемлекеттік университетінің  ақпараттық және білім технологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Сенькина Гүлжан Ержанқызы оқытушылар үшін  «Математикалық қабілеттілік диагностикасы  мен дамуы» тақырыбында  семинар өткізді.