Пятница, Май 3, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Білім алушыларын қайта қабылдау және ауыстыру тәртібі

Білім алушыларын қайта қабылдау және ауыстыру тәртібі

Жұбанов университетінің «Білім алушыларын қайта қабылдау және ауыстыру тәртібі туралы» ережесіне сәйкес шетелдік ЖОО-дан немесе Қазақстандық ЖОО-дан ҰБТ сертификаты болмаған жағдайда бакалавриат (бірінші жоғары білім 4 жылдық) бойынша білім алушылар өту емтиханын сәтті тапсырғаннан кейін қабылданады.

Шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша өту емтиханы Жұбанов университетінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2-қосымшаға сәйкес шығармашылық нысанында өтеді. Шығармашылық емтихандар келесідей бағаланады: 1-шығармашылық емтихан  — 45 балл, 2-шығармашылық емтихан — 45 балл. Барлығы — 90 балл. Педагогикалық ББ үшін емтихан нәтижелері бойынша өту балы – кемінде 48 балл, педагогикалық емес ББ үшін – кемінде 31 балл (оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл болуы тиіс).

Шығармашылық емес мамандықтар бойынша өтетін емтихан ақылы негізде (1 МРП – 3063 тг) өңірлік тестілеу орталығында өткізіледі. Төлемді 3-қосымшаға сәйкес Каспи қосымшасы арқылы төлеуге болады. Бакалавриат үшін тестілеу 1 — қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының екі бейіндік пәні бойынша өткізілетін болады.

Бакалавриат үшін тест тапсырмасы 70 сұрақтан тұрады (әр пән бойынша 35 сұрақ), ең жоғары балл – 90 балл. Педагогикалық және құқық білім беру бағдарламалыры үшін бакалавриаттың тестілеу нәтижелері бойынша өту балы – кемінде 48 балл, басқа ББ үшін – кемінде 31 балл (оның ішінде: әрбір пән бойынша кемінде 5 балл болуы тиіс) құрайды.

Білім алушыларды тестілеуге кіргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ олардың ғимаратқа тыйым салынған заттарды (ұялы телефондар, гаджеттер, шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер) алып кіруіне жол бермеу үшін металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталған жағдайда кезекшілер ғимараттан шығару туралы Акт жасайды.

 

Өту емтиханын тапсыру үшін:

— 2022 жылдың 5–16 желтоқсан аралығында Жұбанов университетінің студенттерге қызмет көрсету орталығына (СҚКО) келіп өту емтихандарын тапсыру үшін өтініш беру (өзімен бірге жеке куәлігі және көшірмесі болуы тиіс);

— университет сайтында және әлеуметтік желілерде шығармашылық емтихандардың кестесі мен тестілеу күні жарияланады.

Өту емтиханын сәтті тапсырған жағдайда СҚКО-ға құжаттармен келіп, SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы қайта қабылдауға өтініш беру қажет. 1-4 курстар 2023 жылдың 4–16 қаңтар аралығында, 2 курс педагогикалық ББ 2023 жылдың 4–9 қаңтар аралығында  қабылданады.

SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы қайта қабылдауға өтініш беру:

  • «SMART ARSU» мобильді қосымшасын Play market / App store-дан жүктеу;
  • «ҚОНАҚ» рөлінде тіркелу;
  • «СҚКО Темірқазыққа» кіру;
  • «ОҚУҒА ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ» таңдау;
  • көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және ЖІБЕРУ;
  • өтінішті негізгі мәзірдегі «МЕНІҢ ӨТІНІШТЕРІМ» батырмасынан бақылау;
  • өтінішті қабылдамаған жағдайда себебін білу үшін ПІКІРДІ (комментарий) ашып қарау;
  • бухгалтерлік есеп бөлімінің жауабы шыққаннан кейін, ПІКІРДЕ (комментарий) көрсетілген оқу ақысы мен пән айырмашылығының ақысын төлеп, 2 түбіртектің көшірмесін алып келіп келісімшартқа отыру.

Оқуға қайта қабылдау үшін қажетті  құжаттар  тізімі:

  • білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом);
  • академиялық анықтаманың түпнұсқасы;
  • оқуға қабылдау, курстан курсқа ауысу, оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі;
  • оқуға түсу емтихандары туралы хаттамадан көшірме;
  • ЖОО-ның лицензиясының  көшірмесі;
  • ф-№ 075У үлгідегі  медициналық  анықтама (Жұбанов университетінің емханасы арқылы  куәландырылған);
  • Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.

 

Сұрақтар бойынша 87132562896, 87084716548 нөмірлеріне хабарласыңыз.

 

 Қосымша 1

 

Тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізімі

     

Дайындау бағытының атауы және нөмірі Білім беру бағдарламалары тобы Бейіндік пәндер
1 бейіндік пән 2 бейіндік пән
В001 Педагогика және психология Биология География
В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Биология География
В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Биология География
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В006 Музыка мұғалімдерін даярлау Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В009 Математика мұғалімдерін даярлау Математика Физика
В010 Физика мұғалімдерін даярлау Физика Математика
В011 Информатика мұғалімдерін даярлау Математика Физика
В012 Химия мұғалімдерін даярлау Химия Биология
В013 Биология мұғалімдерін даярлау Биология Химия
В014 География мұғалімдерін даярлау География Дүниежүзі тарихы
В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау Дүниежүзі тарихы География
В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Қазақ тілі Қазақ әдебиеті
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Орыс тілі Орыс әдебиеті
В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау Шетел тілі Дүниежүзі тарихы
В019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау Биология География
В020 Арнайы педагогика Биология География
В028 Хореография Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В031 Сән, дизайн Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В034 Тарих және археология Дүниежүзі тарихы География
В036 Аударма ісі Шетел тілі Дүниежүзі тарихы
В037 Филология Қазақ/Орыс тілі Қазақ/Орыс әдебиеті
В041 Психология Биология География
В044 Менеджмент және басқару Математика География
В045 Аудит және салық салу Математика География
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі Математика География
В049 Құқық Дүниежүзі тарихы Құқық негіздері
В050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар Биология Химия
В051 Қоршаған орта Биология География
В052 Жер туралы ғылым Математика География
В053 Химия Химия Биология
В054 Физика Физика Математика
В055 Математика және статистика Математика Физика
В057 Ақпараттық технологиялар Математика Физика
В060 Химиялық инженерия және процестер Химия Физика
В062 Электр техникасы және энергетика Математика Физика
В063 Электр техникасы және автоматтандыру Математика Физика
В065 Автокөлік құралдары Математика Физика
В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі Биология Химия
В069 Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) Математика Физика
В070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары Математика Физика
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика Физика
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика Физика
В091 Туризм География Шетел тілі
В092 Тынығу Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В095 Көлік қызметтері Математика География

 

Қосымша 2

Шығармашылық дайындықты талап ететін ББТ тізімі

 

ББТ

нөмірі

ББТ атауы 1-шығармашылық емтихан 2-шығармашылық емтихан
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Мамандандыру бойынша нормативтер Жалпы дене дайындығы бойынша нормативтер
В006 Музыка мұғалімдерін даярлау Орындаушылық өнер Жалпы музыкалық қабілеттерін көрсету
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау Сурет (гипстен жасалған адамның бет маскасының суреті)

Кескіндеме (натюрморт)

 

В028 Хореография Орындаушылық шеберлік Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша практикалық жұмыс
В031 Сән, дизайн

Реферат немесе өнер жобасының тұсаукесері

Сурет, кескіндеме

Коллоквиум Композиция немесе сызу
В092 Тыныу

Орындаушылық шеберлік

 

Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері

 

Қосымша 3