Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбановтар әлемі өнеге

Жұбановтар әлемі өнеге

Мұғалжар ауданы күндеріне орай Жұбанов университетінде Ембі қаласы ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейінің «Туған өлкенің қос жұлдызы» жылжымалы көрмесі, Мұғалжар өлкесінің қылқалам өнер шебері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, өнер кафедрасының доценті Жәнібек Есенғұловтың қылқалам туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

Музей директоры Ұлболсын Керейқызының айтуынша, көрмеге Ахмет Жұбановтың ерлер костюмі — прагы, гастрольдік сапарлармен жүрген кезде киген А.Жұбановтың шапаны, Ғазиза Жұбанованың көйлегі, Құдайберген Жұбановтың кітаптары, Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» тақырыбында латын әрпімен жазылған баяндамасы, тағы да көптеген тарихтан сыр шертетін құнды дүниелер қойылған.

Көрмені Қ.Жұбанов ескерткішіне гүл қою рәсімінен соң Мұғалжар ауданы әкімі Ербол Данағұлов, университет ректоры Бауыржан Ердембеков, Жұбановтар ұрпағы, шараға жиналғандар аралап қарады.