Понедельник, Апрель 22, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Аудандарға жас мамандар қажет

Аудандарға жас мамандар қажет

Бүгін Студенттер сарайында жоғары оқу орындарын бітіруші түлектер мен аудан әкімдері арасында «Ашық микрофон» сұхбаты өтті. Еркін форматта пікір алысқан шарада жастарды әкімдер еңбек жолын ауылда бастауға шақырды.

Бүгінгі күні аудандарға жас мамандар көптеп қажет. Әсіресе, ауыл мектептеріне физика, математика, орыс және ағылшын тілдерінің мамандары тапшы. Егер диплом алған түлектер қаладан шалғай орналасқан елді-мекендерде қызмет атқаратын болса, оларға барлық жағдай жасалады,-дейді аудан әкімдері.

Бұл шара облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауыл-аймаққа жас мамандарды тарту мақсатында ұйымдастырылды. Себебі, түлектерді жұмысқа орналастыру қоғам үшін басты мәселелердің бірі. Осы орайда, Жұбанов университетінің ректоры әрбір жас еңбек жолын туған өлкесінен бастағаны жөн деп есептейді.
Дегенмен, түлектердің көпшілігі қалада қалуды көздейді. Енді екі-үш айдан соң диплом алатын жастар облыс орталығына жолдама алып жатыр. Мұнда да заманауи технологияларды меңгерген мамандар сұранысқа ие.

Ашық микрофон шарасында жас мамандар аудан басшыларының ұсынысын тыңдап, өз ойларын ортаға салды.
ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/audandarga-zhas-mamandar-kazhet