Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер де қайырымдылық жасайды

Студенттер де қайырымдылық жасайды

«Жақсылық жасауды өзіңнен баста» деп ұрандатып жүрген Жұбанов жастарының өз замандастарын  қолдау мақсатында «Ақтөбе мейірім мекені» қайырымдылық шарасын  ұйымдастырды. Шараға «Ана үйі» мен  қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары мен университет оқытушылары, студенттер қатысты.  Аталмыш шара Елбасының  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы мен «Жастар жылы» және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.

Қайырымдылық концертті Жұбанов университетінің «Үмітің үзілмесін» қайырымдылық клубы және «Достар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Еске салсақ, «Dosstar» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Оның құрамында  «Үмітің үзілмесін» қайырымдылық клубы, «Dosstar» дебат клубы, университет КВН лигасы бар.

Аталмыш шараға «Ана үйі» қайырымдылық қорының жетекшісі Таңсұлу Лақова қатысты. Ол кештің ұйымдастырушылары мен Жұбанов университетінің еріктілер тобына алғысын білдірді.

Қайырымдылық шара барысында студенттер қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Қайырымдылықтан түскен қаражат әлеуметтік аз қамтылған студенттерге беріледі.